Қазақстан Республикасының
Ұлттық ғылым академиясы

Жаңалықтар

ҚР ҰҒА Төралқасының жұмысы туралы ақпарат

04

Наурыз
2023

     Құрметті академиктер мен корреспондент-мүшелері! Өздеріңіз білетіндей, кеше ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек ҚР Президенті Қ. Қ. Тоқаевтың қабылдауында болды. Бүгін Алматыда ҚР ҰҒА мәселелері бойынша кездесуіміз өтті. Бұл ретте біздің министр – ҚР Президенті Қ.К. Тоқаевтың ҚР ҰҒА-ны ҚР Президенті жанындағы мемлекеттік ұйым деп жариялау туралы жақсы жаңалық хабарлады. Бұл өте жоғары мәртебе және сенім!

     Сонымен қатар, Саясат Нұрбекұлы – Президенттің, академиктердің және корреспондент-мүшелердің жалпы жиналысында классикалық Академия үшін дәстүрлі болып табылатын сайлау туралы Жарғының негізгі ережелерін қолдады.

     Кездесу барысында мен Саясат Нұрбекұлына ҚР ҰҒА корреспондент-мүшелеріне арналған стипендия және ғылым академиясы аппаратының қызметкерлеріне арналған жалақы туралы мәселені шешу туралы өтінішімізді жеткіздім. Министр бұл мәселелерді де   қолдады.

     Кездесу соңында  С. Нұрбекке ғылым академиясының атынан алғысымды білдіріп, елімізде ғылым мен жоғары білім беруді дамытуда үлкен шығармашылық табыс тіледім.

     Құрметті ҚР ҰҒА мүшелері! Менің еңбек демалысым аяқталғаннан кейін (12.03.2023 ж.) ҚР Президентінің ҚР Ұлттық Ғылым академиясын трансформациялау жөніндегі тапсырмасын орындау бойынша бірлескен жұмысымыз жалғастырылады.

 

ҚР ҰҒА президенті М. Жұрынов