Қазақстан Республикасының
Ұлттық ғылым академиясы

Академия туралы

«ҚР ҰҒА ПРОФЕССОРЫ» АТАҒЫ ТУРАЛЫ ЕРЕЖЕ

25

Наурыз
2020

                                                                        1. ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕ

 

1.1. «Қазақстан Республикасы Ұлттық ғылым академиясының профессоры»  («ҚР ҰҒА профессоры») туралы осы Ереже (бұдан былай - Ереже) «Қазақстан Республикасы Ұлттық Ғылым академиясы»  РҚБ (бұдан былай – ҚР ҰҒА) Жарғысына сәйкес әзірленіп, 2017 жылғы 16 қарашадағы ҚР ҰҒА Төралқасының Хаттамасымен бекітілген.

1.2. «ҚР ҰҒА профессоры» атағы ҚР ҰҒАВ төралқасымен ғылыми ұйымдар  мен жоғары білім беретін оқу орындарында ғылыми және (немесе) ғылыми-оқытушылық қызметпен айналысатын ғалымдарға ұлттық және (немесе) халықаралық деңгейдегі ғылыми жетістіктері, сондай-ақ ҚР ҰҒА-ның негізгі міндеттері мен қызметін жүзеге асыруға белсене араласқаны үшін тағайындалады.

1.3. «ҚР ҰҒА профессоры» атағы құрметті атақ болып табылады, ол келесі талаптарға сай келген жағдайда, ҚР ҰҒА мүшесі емес қазақстандық ғалымдарға, сонымен бірге шетелдік ғылыми орталықтар мен университеттерде қызмет ететін Қазақстан азаматтығына ие зерттеушілерге тағайындалады:

1.3.1. тиісті ғылым саласында ғылыми қауымдастық мойындаған ұлттық және (немесе) халықаралық деңгейдегі ғылыми жетістіктері бар, ғылым докторы, сондай-ақ  РhD доктор ғылыми дәрежесі бар, ҚР ҰҒА профессоры болып табылуы қажет.

Сонымен қатар ҚР ҰҒА бөлімшесінің қарауы бойынша шет мемлекетте алған, Қазақстан Республикасында мойындалатын ғылыми дәрежесі (РhD және т.б.) бар үміткерлер де қарастырылуы мүмкін.  

1.3.2. Тиісті ғылым саласында жоғары рейтингті басылымда жарияланған, ғылыми дәйектеменің халықаралық ақпараттық жүйелерінде индекстелетін  маңызды ғылыми еңбектерінің болуы, жоғары кәсіби деңгейде дәрістер курсын оқуы;

1.3.3. Қазақстан Республикасының ғылыми ұйымдарында және жоғары оқу орындарында жұмысқа студенттерді, аспиранттар мен жас ғалымдарды тарта отырып, ғылыми-зерттеу жұмыстарының дамуы мен жүзеге асырылуына атсалысуы;

1.3.4. Ғылыми ұйымдардағы және(немесе) жоғары білім беретін оқу орындарындағы ғылыми қызметте кем дегенде 10 жыл еңбек өтілі болуы, ғылыми кадрлар даярлауға қатысуы, ғылыми жетекші немесе ғылыми кеңесші болуы;

1.3.5. наградалары, құрметті атақтары, соның ішінде академияларда, ғылыми қауымдастықтарда және т.б. мүшелігінің болуы;

1.3.6. жасқа шектеу жоқ.

2. «ҚР ҰҒА ПРОФЕССОРЫ» АТАҒЫН ТАҒАЙЫНДАУ ТӘРТІБІ

2.1. «ҚР ҰҒА профессоры» атағын алуға үміткерлер ұсыну құқығы ҚР ҰҒА академиктері мен ҚР ҰҒА корреспондент мүшелеріне беріледі, сондай-ақ ҚР ҰҒА Бөлімшелері мен өкілдіктері ұсына алады.

2.2. «ҚР ҰҒА профессоры» атағын иеленген тұлғаларға қалыптасқан үлгідегі куәлік беріледі.

2.3. «ҚР ҰҒА профессоры» атағы тағайындалғаны жөніндегі ақпарат «ҚР Ұлттық ғылым академиясының хабаршысы» журналында және ҚР ҰҒА ресми сайтында жарияланады.

 

3 3. ҚР ҰҒА ПРОФЕССОРЫНЫҢ ҚҰҚЫҚТАРЫ МЕН МІНДЕТТЕРІ

3.1. ҚР ҰҒА профессоры құқылы:

3.1.1. ғылыми зерттеулердің, техника мен жоғары технологиялардың басым бағыттары жөніндегі мәселелер бойынша бөлімше қарауына ұсыныстар енгізуге;

3.1.2. өзін сайлаған Бөлімшенің, сондай-ақ ҚР ҰҒА өкілдігінің жұмысына араласуға, мәжілісте дауыс беру құқығымен ҚР ҰҒА жалпы жиналыстарының жұмысына қатысуға;

3.1.3. ғылым мен техниканың дамытудың маңызды бағыттары бойынша ҚР ҰҒА ғылыми, сараптамалық, үйлестіру кеңестері, комитеттер мен комиссияларының жұмыстарына қатысуға; белгіленген тәртіп бойынша ҚР ҰҒА-ның сараптамалық қызметін жүзеге асыруға қатысуға;

3.1.4. ҚР ҰҒА-ның негізгі міндеттерін іске асыру мен қызметін орындауға бағытталған өзге де жұмыстарға араласуға.

3.2. ҚР ҰҒА профессоры міндетті:

3.2.1. ҚР ҰҒА-ға жүктелген міндеттерді іске асыруға белсене қатысуға, оның қызметіндегі мақсаттарына қол жеткізуге атсалысуға;

3.2.2. «ҚР ҰҒА профессоры» атағы туралы осы Ереженің талаптарын сақтап, ғылым мен білім арасындағы байланысты нығайтуға атсалысуға;

3.2.3. ғылымды, ғылыми білімді, ғылым мен техника жетістіктерін насихаттауға атсалысуға және ғылыми этиканы сақтауға, ғылым беделін арттыруға атсалысуға.

4. ҚОРЫТЫНДЫ ЕРЕЖЕЛЕР

Осы Ереже, сондай-ақ оған енгізілген өзгерістербелгіленлегн тәртіп бойынша ҚР ҰҒА Төралқасымен бекітіледі.

 

ҚАУЛЫ

 

«ҚР ҰҒА профессоры» атағын тағайындау және «ҚР ҰҒА профессоры» атағы туралы Ережені бекіту жөнінде

 

ҚР ҰҒА төралқасының 2017 жылғы 16 қарашадағы № ______ қаулысына сәйкес ҚР ҰҒА ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. «ҚР ҰҒА профессоры» атағын тағайындалсын.

2«ҚР ҰҒА профессоры» атағы туралы Ереже бекітілсін (қосымша).

3. «ҚР ҰҒА профессоры» куәлігінің эскизі бекітілсін.

 

ҚР ҰҒА президенті,

академик                                                                                                                                           М.Жұрынов