Жаңалықтар
Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық Ғылым академиясының президенті Мұрат Жұрыновты қабылдады28
Қыркүйек
2020
2020 жылдың 25 қыркүйегінде Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық Ғылым академиясының президенті, академик Жұрынов Мұрат Жұрынұлын қабылдады.
Президенттің баспасөз қызметі хабарлағандай, Қасым-Жомарт Тоқаевтың Алматыдағы резиденциясында Мұрат Жұрыновпен кездесуі барысында Қазақстан ғылымын дамытуға, отандық әзірлемелерді өндіріске енгізуге, сондай-ақ, ғылыми зерттеулердің экономикалық мақсатқа сәйкестігіне қатысты мәселелер талқыланды.
Ұлттық Ғылым академиясының президенті Мемлекет басшысының Жолдауда айтқан адами капиталды қолдауға, білім мен ғылым саласына инвестиция тартуға, экономиканың технологиялық және бәсекеге қабілеттілігін арттыруға қатысты бастамаларын қолдайтынын жеткізді.
Қазақстан Президенті отандық ірі өндірушілердің жұмысына ғылыми қолдау көрсетудің маңыздылығын атап өтті. Оның пікірінше, ғалымдар мен бизнес өкілдерінің тығыз ықпалдастығы инновацияларды енгізу мен экономикалық өсімді қамтамасыз етуде жаңа мүмкіндіктерге жол ашады, ал жалпы ғылым ел экономикасына қызмет етуге тиіс.
ҚР ҰҒА баспасөз орталығы