Қазақстан Республикасының
Ұлттық ғылым академиясы

Жаңалықтар

ҚР ҰҒА Жалпы жиналысы сессиясының 26.06.2020 ж. Қаулысы

11

Шілде
2020

     Ағымдағы жылдың 22-26 маусымы аралығында ҚР ҰҒА-ның салалық Бөлімшелерінде алдын ала сайлаудан өткен үміткерлерді ҰҒА корреспондент-мүшелігі мен академиктігіне сайлау өтті.

     ҚР Президентінің нұсқаулығы мен ҚР Үкіметінің қаулылары, Алматы қаласы әкімдігінің шешіміне байланысты Ғылым академиясы қауіпсіз жұмыс жүргізу үшін барлық қажетті шараларды (маска, қолғап, антисептик-санитайзер, температура өлшеуіш, үміткерлердің ғылыми жұмыстарын қашықтан талқылау, залда 2 метр аралық қашықтықты сақтап отыру және әр топта 10 адамнан аспайтын жеке топтардың дауыс беруі және т.б.) сақтады.

Шешім:

  1. Үміткерлер тізімін бекітіп, ҚР ҰҒА корреспондент-мүшелері мен академиктерін сайлау (қоса беріледі).

Бірауыздан шешім қабылданды

2. ҚР ҰҒА Жарғысының 10-бабына келесі өзгертулерді енгізу: «ҚР ҰҒА корреспондент-мүшелері мен толық мүшелері өмір бойы сайланады. Олар баспасөзде (бұқаралық ақпарат құралдарында) немесе көпшілік арасында Академия беделіне негізсіз тіл тигізіп, әдейі нұқсан келтірген жағдайда ғана ҚР ҰҒА құрамынан шығарылуы мүмкін. Академиктер мен корреспондент-мүшелер дәлелсіз, жүйелі және ұзақ уақыт бойы Академиямен байланыс орнатпағандықтан, қарым-қатынасты үзіп алғандығы үшін ҚР ҰҒА-ның құрметті мүшелері мәртебесіне ауысады. Шешімдер ҚР ҰҒА Төралқасының ұсынысы бойынша ҚР ҰҒА Жалпы жиналысында қарапайым көпшілік дауыс арқылы қабылданады».

Шешім көпшілік дауыс арқылы қабылданды

(қарсы – 1, қалыс қалған – 1)

  1. Эпидемиологиялық жағдайдың күрделенуіне байланысты ҚР ҰҒА-ның шетелдік мүшелерін сайлауды бірреттік негізде ҚР ҰҒА Төралқасына тапсыру және оның нәтижелері туралы ҚР ҰҒА Жалпы жиналысының келесі сессиясында хабарлау.
  2. ҚР ҰҒА Төралқасына Төралқа құрамына өзгеріс енгізуге және ҚР ҰҒА Жалпы жиналысының келесі сессиясында Академия мүшелерін хабардар етуге өкілдік беру.
  3. ҚР ҰҒА Төралқасына Ғылым академиясына қажетті құрылымдық өзгерістер енгізуге және ҚР ҰҒА Жалпы жиналысының келесі сессиясында Академия мүшелерін хабардар етуге өкілдік беру.
  4. Академия жұмысын жетілдіру, оның мәртебесі мен Академия мүшелерінің беделін нығайту жөніндегі Төралқа жұмысын жандандыру. Академияның әрбір мүшесінің елдің жедел және сапалы экономикалық өсуіне, инновациялық және ғылыми тұрғыда дамуына қосқан ғылыми және тәжірибелік үлесіне ерекше назар аудару.
  5. Ғылыми ынтымақтастықты қолдау және елдің қызығушылығын тудыратын салаларда бірлескен ғылыми әзірлемелерді іс жүзінде жүзеге асыру мақсатында алыс және жақын шет елдің ғылым академияларымен, халықаралық ғылыми ұйымдармен ынтымақтастықты дамыту.

 

ҚР ҰҒА Төралқасы