Қазақстан Республикасының
Ұлттық ғылым академиясы

Жаңалықтар

Вьетнам Академиясымен кездесу

06

Желтоқсан
2024

2024 жылдың 25 қараша күні «Қазақстан Республикасының Ұлттық ғылым академиясы» РҚБ мен Вьетнам ғылым және технологиялар академиясы Ғылыми ынтымақтастық туралы келісімге қол қойды. Аталған жиынға екі Академияның президенттері, вице-президенттері, кеңесшілері мен ҒЗИ директорлары қатысты. Екі Академия қол қойылған келісім аясында алдағы уақытта ғылымның әртүрлі салаларындағы ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүзеге асыратын болады. Сондай-ақ ғылыми ұйымдар мен жекелеген ғалымдар арасындағы өзара тиімді байланыстар орнатылып, ғылыми-зерттеу жұмыстарының «Жол картасы» жасалынатын болады. Бұл қол қойылған келісім шарт екі ел арасындағы ынтымақтастықты одан әрі дамыта түсетіні сөзсіз. Қол қойылған келісім шарт негізінде төмендегі жұмыстар атқарылатын болады:

1. Жас ғалымдарға арналған мектептерді қоса алғанда, бірлескен ғылыми конференциялар, симпозиумдар және басқа да ғылыми іс-шараларды ұйымдастыру;

2.  Ғылыми және ғылыми-техникалық ақпараттармен алмасу;

3.  Екі елдің жас ғалымдары арасындағы өзара іс-қимылды дамытуға жәрдемдесу және т.б.

Қазіргі уақытта қос Академия Ғылым академияларының халықаралық қауымдастығының (МААН) мүшесі болып табылады.