Халықаралық ынтымақтастық
НИИГАТА УНИВЕРСИТЕТІ МЕН ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ҰЛТТЫҚ ҒЫЛЫМ АКАДЕМИЯСЫ АРАСЫНДАҒЫ КЕЛІСІМ ХАТ25
Наурыз
2020
Бұл келісім хат Ниигата университеті мен Қазақстан Республикасы Ұлттық ғылым академиясы арасындағы білім, ғылыми зерттеулер және екі мекеме арасында келісілген өзге де аралас салалар бойынша өзара потенциалды ынтымақтастықты қуаттайды.
1. Институционалды академиялық келісімді құру мақсатындағы өзара сыйластық пен тиімді және бір деңгейлік принциптері негізінде екі мекеме келесі салалар бойынша алмасуларға жәрдемдесулері керек:
(1) Академиялық және әкімшілік тұлғалар алмасуға
(2) Дәрістер мен симпозиумдар өткізуге
(3) Академиялық ақпараттар мен материалдар алмасуға
(4) Екі жақты келісілген өзге де мәселелерге
2. Екі мекемеде жоғарыда аталған институционалды академиялық келісімдерге айқын академиялық нәтижелер алғаннан кейін қол қояды.
3. Бұл хат өздігінен мәжбүрлеу заңдық шартын ұсына алмайды және екі мекемеге де қандай да бір қаржылық міндеткерлік жүктей алмайды.
4. Бұл хат екі мекеме де қол қойған кезден бастап қана күшіне енеді және ол бес (5) жыл бойы өз күшін сақтайды. Оған қоса, институционалды академиялық келісімге қол қойған жағдайда, сол институционалды академиялық келісімге қол қойылған күннен бастап өз күшін жоюы мүмкін.
5. Бұл келісім хаты екі мекеменің қай-қайсысы болмасын кез-келген уақытта жазбаша хабарландыру қалдырған жағдайда өз күшін жоя алады.
Күні: 19 қазан, 2015 ж. Күні: 19 қазан, 2015 ж.
____________________ ______________________
Hitoshi Takahashi Тлектес Есполов
Ниигата Университетінің атқарушы Қазақстан Республикасы
Вице-Президенті Ұлттық Ғылым академиясының
Вице-Президенті