Қазақстан Республикасының
Ұлттық ғылым академиясы

Президенттер

Шөкин

25

Наурыз
2020

     Шөкин Шапық Шөкіұлы (1912–2003), энергетик, техникалық ғылымдар докторы (1954), профессор (1956), ҚР ҰҒА академигі (1954), ҚазКСР ғылымға еңбегі сіңген қайраткер (1961). Омбыдағы ауылшаруашылық институтының гидротехникалық факультетін бітірген (1937). Инженер, бөл.меңг., «Казсельэлектро» Қазақ республикалық трестінің бас инженері (1937-1943), КСРО ҒА Қазақ филиалының секторы меңгерушісі(1943–1944), Қазақ энергетика ҒЗИ директоры (1944–1988), ҚазКСР минералды ресурстар Бөлімшенің төраға орынбасары (1946–1954), төрағасы (1954–1955), ҚазКСР ҒА академик-хатшысы (1955–1962), ҚазКСР ҒА президенті (1964–1967). 1988 жылдан бастап Қазақ энергетика ҒЗИ құрметті директоры болды. Үлкен ғылыми ұйымдастыру жұмысын өткізген. Президент ретінде Ғылым академиясының ғылым қызметі дәрежесін көтеруге, теориялық зерттеулер дамуына және білім мен өндіріс байланысын нығайтуына үлес қосқан. Ол гидроэлектростанция жұмысының оптимальдық өлшемдері мен жұмыс тәртібін анықтау, Қазақстан энергетикасының прогрессивтік стратегиясы мен даму тактикасын (орнатылған қуатын, құрылымы мен электр станцияларының орналасуын және т.б.), жанармай-энергетикалық тепе-теңділік (ЖЭТ) өлшемдерін және Қазақстан ЖЭК-ін, республика мен оның жекелеген ірі өңірлерінің электрэнергетикалық және су шаруашылық жүйелерінің қалыптасуы мен даму жолдарын анықтау, республика мен оның жеклеген өңірлерінің сумен қамтамасыз етілуі жүйелерінің оңтайлы кестесі мен жолдарының, Қазақстан аумағының сумен қамтамасыз етілуінің оңтайлы кестесі мен жолдарының және сібірлік өзендер ағындарын Қазақстан мен Орта Азияға бұру әдістемелерін даярлады. Ол өзен ағуын реттеу есебінің тым жетілген әдістемесін, Ертіс пен Ү. Алматинка өзендерінде СЭС күрілдеуіктің, Іле өзенінде Қапшағай СЭС-ның, Қарағандыда – Ертіс каналының құрылысын зерттеп ұсынған. 500-тен астам ғылыми жұмыстарының авторы, олардың арасында 20 монография бар. ҚазКСР Мемлекеттік сыйлықтың иегері (1972), ҚР Инженерлік академиясының құрметті мүшесі (1991). Ордендер мен медальдармен марапатталған.


     Шығ.: Расчетная обеспеченность работы гидроэлектростанций. 1969; Основы развития энергетики Казахстана. 1971; Энергетика и электрификация Казахстана: В 5 т. 1986–1990; Методика расчета регулирования стока. В 3 т. 1977–1983; Энергетика и водное хозяйство Казахстана. 1975; Топливно-энергетический баланс Казахстана. 1979; Регулирование нагрузки электроэнергетической системы. 1985.