Қазақстан Республикасының
Ұлттық ғылым академиясы

Президенттер

Школьник

25

Наурыз
2020

     Школьник Владимир Сергеевич 1949 жылы дүниеге келген. Мәскеу инженерлік-физикалық институтын бітірген. Физика-математикалық ғылымдар докторы, профессор. 1973 жылдан Манғышлақ энергетикалық комбинатында инженер, ғылым мен ядролық қауіпсіздігі бойынша бас инженер орынбасары, комбинат директорының орынбасары болып жұмыс істеген. 1992 жылы Қазақстан Республикасының атом энергиясы бойынша агенттігінің бас директоры болып тағайындалды. 1994 жылы – Ғылым мен жаңа технологиялар Министрі. 1996–1999 жж. – Ғылым Министрі - Қазақстан Республикасының Ғылым академия президенті. 1999 жылы  Қазақстан Республикасының Білім және жоғарғы білім Министрі болып тағайындалды. 1999 жылдан 2000 жылға дейін – Қазақстан Республикасының Энергетика, индустрия және сауда Министрі. 2000–2002 жж. – Премьер-министр орынбасары – Қазақстан Республикасының энергетика және минералдық ресурстар Министрі. 2006 жылдың қаңтары – 2007 жылдың қаңтары – Қазақстан Республикасының индустрия мен сауда Министрі. 2007 жыл 12 қаңтар – 2008 жылдың ақпаны – ҚР Президентінің Әкімшілік басшысының орынбасары. 2008 жылдың 19 ақпанынан – 2009 жылдың 21 мамырына дейін – ҚР индустрия мен сауда министрі. 2009 жылдың мамырынан – «Казатомпром» Ұлттық атом компания» АҚ басқармасының төрағасы. «Нұр Отан»партиясының мүшесі. ҚР ядролық қоғамының президенті. 200 астам ғылыми жұмыстардың авторы.