Қазақстан Республикасының
Ұлттық ғылым академиясы

Президенттер

Сәтбаев

25

Наурыз
2020

     Сәтбаев Қаныш Имантайұлы (1899–1964), аса көрнекті қазақстандық геолог және қоғам қайраткері, геология-минералогиялық ғылымдар докторы (1942), КСРО ҒА мен ҚазКСР ҒА (1946), ҚазКСР ҒА бірлестіруші мен тұңғыш президенті, геология ғылымдар институтының тұрақты директоры, қазақстандық геолог-металлогенистер мектебінің негізін салушы. Инженер-геолог, Атбасар, Қарсақпай геологиялық трестердің  бөл.жетекшісі, бас геологы (1926–1941), төраға орынбасары (1941–1942), КСРО ҒА Қазақ филиалы Төралқасының төрағасы (1942–1946), ҚазКСР ҒА президенті (1946–1952, 1955–1964), 1941 жылдан КСРО ҒА Қазақ филиалының геологиялық ғылымдар институтының, 1946 жылдан жылдан ҚазКСР Ғылым академиясының директоры. Қ.И. Сәтпаев қызметінің президент ретінде айқын сипаты – білім мен өндірістің тығыз байланысы, зерттеулер кешенділігі, экономикалық жөнділігі. Отандық металлогения ғылымын жасаушылардың бірі және қазақстандық металлогения мектебінің негізін салушы. Жезқазған мыс кен орнының игерілуіне қомақты үлес қосты. Ұлы Отан соғысы жылдарында ол Орал, Батыс Сібір және Қазақстан ресурстарын қорғаныс қажеттіліктеріне игеру бойынша КСРО ҒА Комиссиясының мүшесі болды. Қазақстан кен байлықтарын зерттеу мен ашу, жаңа пайдалы қазбалардың кен орындарын тез анықтау мен елдің минералдық базасын кеңейту жолында кең кешенді металлогениялық зерттеулерді ұйымдастыру оның есімімен байланысты. Металлогениялық зерттеулер негізінде Қ.И. Сәтбаев жасақтаған болжамдық металлогениялық карталарды құрастыру әдістері мен принциптері жатты, ол кен жасақталуы мен кен орны болжамы теорияларының көптеген сауалдары бойынша металлогениялық талдаудың кешенді әдісін жасаған болатын. Маңғышлақ, Мұғалжар және Торғай минералды ресурстары оның бастамасымен зерттелді. Бірнеше рет республика Жоғарғы кеңесі мен КСРО Жоғарғы кеңесінің депутаты болып сайланған. Оның атымен Геология ғылымдар институты, мектептер, көшелер, «Джезказганцветмет» АҚ, минерал, кіші ғаламшар, қала атанған. Ордендер мен медальдармен марапатталған. КСРО Мемлекеттік сыйлығы (1942) мен Ленин сыйлығының (1958) иегері.



     Шығ.: Джезказганский меднорудный район и его минеральные ресурсы. 1932; Минеральные ресурсы Казахстана и их освоение за 20 лет. 1941; Рудные месторождения Джезказганского района Казахской ССР. 1942; Комплексные металлогенические прогнозные карты Центрального Казахстана: принципы и методы составления, содержание и основные результаты внедрения в практику поисковых и разведочных работ. 1958; Избранные труды. В 5 т. 1967–1970.