Президенттер
Сұлтанғазин25
Наурыз
2020
Сұлтанғазин Өмірзақ Махмұтұлы (1936–2005), математик, физика-математикалық ғылымдарының докторы (1972), профессор (1974), ҚР ҰҒА академигі (1983). ҚазМУ-ды бітірген (1958). Доцент, профессор, ҚазМУ кафедра меңгерушісі (1958–1988), ҚазКСР ҒА Математика және механика институтының директоры (1978–1988), физика-математикалық Бөлімшесінің академик-хатшысы (1985–1986), ҚазКСР ҒА вице-президенті (1986–1988), ҚР ҰҒА президенті (1988–1994). 1991–2005 жж. – ҚР ҰҒА ғарыштық зерттеулер институтының директоры. Ғылыми жұмыстар дифференциальдық теңдеулер, математикалық физика, есептеу математикасы, ауыстырудың кинетикалық теориясын зерттеуде сандық әдістерді қолдану, экологиялық жүйелерді математикалық модельдеу, қоршаған ортаның ғарыштық мониторингі жүйесін жасау, ядролық қауіпсіздік мәселелері салаларындағы зерттеулерге арналған. Ғылыми қызмет шетелде кең мойындауға ие болды. Ол дәрістер оқу үшін Карлов университетіне (Чехословакия), Париж университетіне, Банах атындағы Халықаралық математикалық мектепке (Польша) шақырылды, Стэнфорд және Мэриленд университеттерінде (АҚШ) ғылыми жұмыстар жүргізді, Киото университетінде (Жапония) дәрістер оқыды. Республиканың Ғылым академиясын басқара отырып, ғылымның нығаюы мен дамуы, оның өңірлік мәселелерді шешуге ықпалының күшейтілуі бойынша, мақсатты бағытталған жұмыстар жүргізді. Оның жетекшілігімен және оның қатысуымен Академияның үш өңірлік бөлімшелері Шымкентте, Өскеменде, Атырауда жасақталды, қолданбалы математика, механика және машинатану, информатика және басқару, физикалық-техникалық, ғарыштық зерттеулер, археология және т.б. институттар, сонымен қатар бірқатар ғылыми орталықтар ұйымдастырылды. Оның бастамасымен Қазақстанда ҚР ҰҒА ҒЗИ жанындағы Ғарыштық ақпараттықабылдау және өңдеу орталығы ұйымдастырылып, ең жаңа техникамен жабдықталды. Ол НАСА (АҚШ), КНЕС (Франция) сияқты шетелдік жетекші ғарыштық агенттіктермен ғылыми байланыстар орнатты. Көп жылдар бойы есептеуші және қолданбалы математика бойынша кадрлар дайындауға белсенді ат салысты. Ол оптимизациялау әдістері, есептеу әдістері, математикалық физиканың есептеу әдістері сияқты математиканың қазіргі заманғы бағыттары бойынша бірқатар жаңа жалпы және университеттік курстар даярлады және оқыды. 150-ден аса ғылыми жұмыстардың, соның ішінде 6 монографияның авторы. Тұңғыш қазақ ғарышкері Тоқтар Әубәкіровтың ұшуының ғылыми бағдарламасын жасағаны үшін Ленин орденімен марапатталған. Ол Талғат Мұсабаевтың ұшу бағдарламасына да жетекшілік етті. КСРО Мемлекеттік сыйлығының иегері (1987),
Соч.: Методы сферических гармоник и дискретных ординат в задачах кинетической теории переноса. 1979; Дискретные нелинейные модели уравнения Больцмана. 1984; Дискретные модели нелинейных уравнений. 1985; Математические проблемы кинетической теории переноса. 1986; Сосредоточенная емкость в задачах теплофизики и микроэлектроники. 1992.