Президенттер
Айтқожина25
Наурыз
2020
Айтқожина Нағима Әбенқызы (1946), молекулалық биология, молекулалық генетика мен биотехнология саласындағы ғалым, биология ғылымдарының докторы (1990), профессор (1995), ҚР ҰҒА академигі (2003). С.М. Киров ат. ҚазМУ бітірген (1969). 1990 жылдан – М.А. Айтхожин ат. молекулалық биология мен биохимия Институтының директоры. Ғылыми зерттеулердің негізгі бағыттары: молекулалық биология, молекулалық генетика, медициналық генетика, биотехнология. Ең үлкен ғылыми жетістіктері: жоғарғы ағзалар геномын құрылымдық-функционалдық ұйымдастыру мен оның экспрессиясын реттеудің молекулярлық механизмдері бойынша, өсімдіктердің молекулярлық биотехнологиясы және биомедицинада, этногеномикада іргелі және қолданбалы мәндегі негізгі нәтижелер алынды; тұңғыш рет эукариот клеткалары өзектерінде РНҚ биогенезінің схемасы негіз етіп алынды және тәжірибелік түрде дәлелденді, ол молекулярлық биологияда жалпы қолданысқа ие болып, жоғарғы организмдердегі РНҚ процессингі механизмінің негізін қалады. Қазақстандағы адам және өсімдік молекулярлық генетикасының негізін қалаушы, алғашқы геном зертханасын ұйымдастырды және биомедицина (геномика) үшін адамның тұқым қуалаушы және гендік жанама атерогендік аурулары кезінде, өсімдіктердің фитопатогендерге төзімділігі молекулярлық механизмдеріне геномның құрылымдық-функциональдық ұйымдасуы бойынша сәтті зерттеулер жүргізуде. Қазақстанда тұңғыш рет оның ғылыми жетекшілігімен 2,5 мың жыл бұрын өмір сүрген адамдар мен жылқылардың жасанды тоң жағдайында сақталған қалдықтары, далалық өркениеттің дара археологиялық ашылымының (Берел, Шығыс Қазақстан облысы) күрделі материалынан ДНҚ молекулярлық-генетикалық талдауы жүргізілді және Қазақстанның әртүрлі популяциялары ДНҚ-нан салыстырмалы сараптама алынды. Бұл жұмыстар республикада палеогеномика мен этногеномика, халықтардың этникалық тарихы мен этногенезі бойынша зерттеулердің негізін қалады. 183 ғылыми еңбектері жарияланған. Орденмен марапатталған. «Ғылым» номинациясында «Платиновый Тарлан» сыйлығының иегері.
Шығ.: Selective inhibition of the polypeptide chain elongation in eukaryotic cells.1995; Биология культивируемых клеток пшеницы, экспонированных на борту космической станции «Мир»: деление, морфогенез и дифферен-циация. 2001; Polymorphism of the promoter region of the angiotensinogen gene and the gene for angiotensin I-converting enzyme in arterial hypertension and cardiovascular disease of the kazakh ethnic group. 2003; Polymorphism of noncoding region of mitochondrial genome from three populations of kazakh groups inhabited territory оf Kazakhstan. 2004.