Президенттер
Айтхожин25
Наурыз
2020
Айтхожин Мұрат Әбенұлы (1939–1987), молекулалық биология, биохимия және биотехнология саласындағы маман, биология ғылымдарының докторы (1977), профессор (1980), ҚазКСР ҒА академигі (1983). ҚазМУ (1962) және ММУ аспирантурасын (1962–1965) бітірген. Ботаника институтының кіші, аға ғылыми қызметкері (1965–1969), зертхана меңгерушісі (1969–1983), директоры (1978–1983), молекулалық биология мен биохимия Институтының директоры (1983–1987), ҚазКСР ҒА президенті (1986–1987). Қазақстандағы молекулалық биология мен биотехнология негіздеушісі. Алғашқылардың бірі болып дүниежүзілік ғылымда жоғары органдардың ақуыз синтездеу аппаратын салыстырмалы зерттеуін өткізген. Өсімдік жасушаларында информосомалардың физика-химиялық ерекшеліктерін іздеп зерттеген; өсімдіктердің барлық информосома топтарын ашқан – бос цитоплазмалық, РНҚ-байланысқан ақуыздар қосылған полисомды байланысқан және ядролық. Бидайдың өскен және піскен кезіндегі информосома синтезін зерттеген. Одан кейінгі жылдары осы өсімдіктердің ақпараттық РНҚ зерттеулері ақуыз синтезінің трансляция бақылау механизмдерін зерделеуге болысқан. Информосома ақуыздарының физика-химиялық ерекшеліктері, трансляция деңгейінде фитогормондардың ақуыз биосинтезіне әсері, мРНҚ биогенезі зерттелген. мРНҚ бастамашылары бар ядролық РНП-бөлшектеріне, төмен молекулалық ядролық РНҚ, бастамалау деңгейінде ақуыз синтезінің реттеуіне, өсімдіктердің есеңгіреу факторлар әсеріне, сонымен қатар жылу күйзелуіне, тұрақтылығының молекулалық-биология және биохимиялық аспектілеріне көп көңіл бөлген. Ғылыми зерттеулердің ғылыми аспап жасауы мен автоматтандыру мәселелерін өте маңызды деп санаған. Оның жетекшілігімен әлемдегі дамыған елдердің 15 авторлық куәліктері мен 16 патенттерімен қорғалған молекулалық-биология эксперименттерінің автоматизациясы үшін құралдар жиынтығы өңделген. 1983 жылы М. Әбенұлының жетекшілігімен ҚазКСР ҒА молекулалық биология мен биохимия Институты құрылған. Алғашқы рет биология факультетінің студенттеріне молекулалық биология курсы мен арнайы курстар еңгізілген. ҚазКСР Ғылым Академиясының президенті бола тұра ол академиялық ғылымның ғылыми-техникалық ілгерілеуінің қазіргі замандағы мемлекеттік шекарасына шығуына үлес қосқан. Республикадағы академиялық мекемелердің түрлі ғылыми-техникалық кешендерде, ғылыми-техникалық бірлестіктер мен инженерлік орталықтарда, халықаралық және одақтық арнаулы ғылыми-техникалық бағдарламалардың тапсырмаларын орындауға қатысуына ерекше назар аударған. Академияны басқару жүйесінің өзгертуі бойынша алғашқы қадамдар істелінген. «Открытие информосом – нового класса внутриклеточных частиц»,-деген еңбек топтамасы үшін Лениндік сыйлығының иегері болды. ҚазКСР «Алтын Құрмет» кітабына еңгізілген (1974), медальдармен марапатталған.
Шығ: Информосомы растений. 1982; Молекулярные механизмы биосинтеза белка растений. 1989; Функциональная активность гетерологических рибосом. 1972; Белки полисомносвязанных информосом прорастающих зародышей пшеницы. 1979.