Жаңалықтар
Құрметті ҚР ҰҒА-ның академиктері, корреспондент-мүшелері және құрметті мүшелері, қымбатты қазақстандықтар!10
Желтоқсан
2020
Сіздерді Еліміздің жаңа тарихына жол салған Ұлы мереке – Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік Күні мерекесімен шын жүректен құттықтаймыз!
Сіздерге зор денсаулық, сарқылмас бақыт, отбасыларыңызға амандық, Тәуелсіз Отанымыз – Қазақстанның келешегін кемел, болашағын баянды етудің ұлы мұраты жолындағы еңбектеріңізге мол табыстар тілейміз!
Егемен еліміздің аспаны ашық, жұлдызы жарық, тұғыры биік болғай!
ҚР ҰҒА Төралқасы