Қазақстан Республикасының
Ұлттық ғылым академиясы

Жаңалықтар

ҚР Премьер-Министрі ҚР ҰҒА академигін қабылдады

04

Қараша
2022

     2022 жылы 2 қарашада Астанада Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Ә.А. Смайылов ҚР ҰҒА Бас ғалым хатшысын, «Қазақстан Республикасының Минералдық шикізатты кешенді қайта өңдеу жөніндегі ұлттық орталығы» РМК Бас директорын, Қазақстан Республикасы Ұлттық ғылым академиясының академигін, Қазақстан Республикасының ғылым және техника саласындағы Мемлекеттік сыйлығының екі мәрте Лауреатын, техника ғылымдарының докторы, профессоры А.А. Жарменовты қабылдады.

     ҚР Премьер-Министріне елдің минералдық-шикізат кешенін мемлекеттік реттеу бөлігінде ғалымдардың ұсыныстары, қазақстандық ғалымдардың осы саладағы аса маңызды жетістіктері туралы баяндалды. Атап айтқанда, әлемнің түрлі елдеріндегі «Қазақстандық» бірегей қорытпасын өндіру технологиясын өнеркәсіптік игеру жөніндегі жұмыстардың барысы туралы айтылды.

     Сондай-ақ, ҚР Премьер-Министріне Мемлекет басшысы Қ.Қ.Тоқаевтың ҚР ҰҒА-ға мемлекеттік мәртебе беру жөніндегі хаттамалық тапсырмасын іске асыруға қатысты Қазақстан Республикасы Ұлттық ғылым академиясының ұстанымы туралы ақпарат жеткізілді.

Протокол Президента РК 1.06.22

Премьер-Министру РК - НАН РК (02.11.22)

Закрепление контроля по Протоколу Президента 1.01.22