Жаңалықтар
ПРЕЗИДЕНТТІҢ ҚАЗАҚСТАН ХАЛҚЫНА ЖОЛДАУЫН ЕЛІМІЗДІҢ АКАДЕМИКТЕРІ ҚОЛДАДЫ06
Қыркүйек
2023
ПРЕЗИДЕНТТІҢ ҚАЗАҚСТАН ХАЛҚЫНА ЖОЛДАУЫН
ЕЛІМІЗДІҢ АКАДЕМИКТЕРІ ҚОЛДАДЫ
2023 жылғы 4 қыркүйекте Алматы қаласында Қазақстан Республикасының Президенті Қ.К. Тоқаевтың "Әділетті Қазақстанның экономикалық бағдары" атты Қазақстан халқына Жолдауын талқылауға арналған "Қазақстан Республикасының Ұлттық Ғылым академиясы" республикалық қоғамдық бірлестігі Төралқасының отырысы өтті.
Талқылау басталар алдында Ұлттық Ғылым Академиясының Президенті Жұрынов Мұрат Жұрынұлы өзінің құттықтау сөзі аясында күн тәртібінің мазмұнын таныстырып, осыдан кейін сөзді және модератордың одан арғы функцияларын Қазақстан Республикасы Ұлттық Ғылым академиясы Президентінің міндетін атқарушы "Философия, саясаттану және дінтану институты" ШЖҚ РМК бас директоры С.Т. Сейдумановқа берді. Ол ғылым академиясы Президиумының мүшелеріне Қазақстан Республикасының Президенті Қ. К. Тоқаевтың қыркүйек Жолдауындағы ең негізгі тезистерді ұсынды.
Жаңа экономикалық модельге көшу бойынша Президенттік экономикалық бағытқа жалпы қолдау білдіре отырып, С. Т. Сейдуманов оның негізгі ерекшеліктерін атап өтті. Сондай-ақ, салалық және функционалдық сипаттағы осы модельді іске асырудың негізгі бағыттарын белгіледі. Ол Мемлекет басшысы экономикалық саясаттың негізгі сегменттері: елдің өнеркәсіптік, ақша-кредит, салық және бюджет салаларындағы алдағы реформалардың бағыттарын егжей-тегжейлі баяндағанын атап өтті.
Академиктің пікірінше, бұл модельдің басымдықтары әділеттілік, инклюзивтілік және прагматизм болып табылады. Ал басты мақсат – азаматтардың өмірін нақты жақсарту. "Қазақстанның жаңа экономикалық бағдары барынша өзін-өзі қамтамасыз ету негізінде - тамақ өнімдерін өндіруде, өнеркәсіптік өнімдердің көптеген түрлерінде, энергетикада, цифрлық технологияларда және т. б. Сонымен қатар, елдің берік өнеркәсіптік қаңқасын құруда қалыптасуы тиіс", - деп атап өтті С. Т. Сейдуманов өз сөзінде.
Мемлекет басшысы олардың басымдықтарының бірі ретінде ауқымды геологиялық ізденістерді ұйымдастыру проблемасына тоқталып, елдің энергетикалық қауіпсіздігін нығайту қажеттігін атап өтті. Үкіметке геологиялық барлау мен мұнай өндіруге инвестициялар көлемін ұлғайту міндеті қойылды. Саланың қазіргі таңда ұтымды қаржыландырылмауы қауіпті, оның себебі өндіру және қайта өңдеу инфрақұрылымының тапшылығы туындайды, - деп атап өтті С. Т. Сейдуманов.
Осыдан кейін С. Т. Сейдуманов Мемлекет басшысының Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігі мен Үкімет құрылымындағы ұйымдық өзгерістер, сондай-ақ бірқатар салалық министрліктерді қайта жасақтау және құру жөніндегі шешуші бастамаларына назар аударды.
Ол сондай-ақ ел Президентінің Жолдауынан дәйексөз келтірді: "Менің сайлауалды бағдарламамда "Ғылым және технологиялық саясат туралы" заңды әзірлеу туралы бастама болды. Қазір дайындалып жатқан заң жобасы ғылым мен инновация негізінде экономиканың даму логикасын көрсетуі маңызды. Инновациялық инфрақұрылымды – бизнес-инкубаторларды, коммерцияландыру орталықтарын, технопарктер мен конструкторлық бюроларды құру бойынша жеке бастамаларды қолдаудың декларативті емес, пәрменді шаралары қажет. Табысты шетелдік тәжірибені тиімді пайдалану керек. Инновациялық жобаларды іске қосудың негізгі көзі венчурлік қаржыландыру болуы тиіс. Сондықтан отандық және шетелдік инвесторлардың жобаларға деген қызығушылығын арттыру үшін барлық құқықтық және қаржылық мәселелерді шешу қажет".
"Мен Ұлттық Ғылым академиясының академиктері бұл үдерістен тыс қалмауы тиіс екендігіне сенімдімін және бүгін, сіздердің көпшілігіңіз 2023 жылғы 1 қыркүйектегі "Әділетті Қазақстанның экономикалық бағдары" атты Президент Жолдауының өзекті бағыттарын іске асыру мәселелері бойынша өздерінің ғылыми-негізделген ұсыныстарын ұсынуға дайын екендігіңізге сенімдімін", - деді өз сөзінде әріптестеріне Сейдуманов С. Т.
Жолдауды одан әрі талқылау барысында Ұлттық Ғылым академиясы Төралқасының басқа да мүшелерінің орынды ұсыныстары мен пікірлері айтылды. Сөз сөйлегендердің барлығы салықтық преференциялар саласындағы инвестициялық жобалар мен шараларды жедел дамыту жөніндегі міндеттерді іске асыру үдерістеріндегі ғалымдардың рөлін атап өтті. Отырысқа қатысушылар 2023 жылғы 1 қыркүйектегі "Әділетті Қазақстанның экономикалық бағдары" атты Президент Жолдауының өзекті бағыттарын іске асыру мәселелері бойынша ғылыми негізделген ұсыныстарды ұсынуға дайын екендіктерін білдіре отырып, түйінді салалардағы маңызды жобаларды алдағы кешенді қолдау және өнеркәсіпті түрлі көздерден қаржыландырумен қамтамасыз ету нәтижелерінен күтілетін табысты болжады.
Ағымдағы жылғы Жолдау Қазақстанның жаңа экономикалық бағытының тұжырымдамасы мен негізгі элементтерін белгілеп қана қоймай, оның мазмұнын нақтылайды. Сондай-ақ ұлттық экономиканы әртараптандыруға және оны жаңғыртуға бағытталған осы курсты іске асырудың кешенді шараларын ұсынады, - деп атап өтті Ұлттық Ғылым академиясы Төралқасының талқылауда сөз сөйлеген барлық мүшелері.
Одан әрі отырыс шеңберінде Қазақстан Республикасы Ұлттық Ғылым академиясы Төралқасының мүшелері бірқатар ұйымдастыру іс-шараларын келісіп, Қазақстан Республикасы Ұлттық Ғылым академиясының мемлекеттік мәртебесін беру және Мемлекет басшысы Қ.Қ. Тоқаевтың 2022 жылғы 1 маусымдағы Ұлттық Ғылым академиясының мерейтойлық сессиясында айтылған тапсырмаларын толық орындау жолдары туралы ақпаратты тыңдады.
ҚР ҰҒА баспасөз қызметі
Алматы қаласы.
https://qazaqstan.tv/news/180717/...
https://www.youtube.com/watch?v=4e5B6o5CQqU