Қазақстан Республикасының
Ұлттық ғылым академиясы

Жаңалықтар

АСА КӨРНЕКТІ ҒАЛЫМ МЕХЛИС ҚАСЫМҰЛЫ СҮЛЕЙМЕНОВТЫҢ ОТБАСЫНА

27

Мамыр
2024

Қазақстан Республикасының Ұлттық ғылым академиясының мүшелері ҚР Ұлттық ғылым академиясының академигі, Қазақстанның Бейбітшілік және рухани келісім Президенттік сыйлығының тұңғыш иегері, ауыл шаруашылық ғылымдарының докторы, абыройы әлемге әйгілі аса көрнекті ғалым Мехлис Қасымұлы Сүйлеменовтың өмірден озуына байланысты отбасы және жақындарына қайғыра көңіл айтады.

Академик М.Қ. Сүлейменов аграрлық ғылымда әзірлеген өзіндік дара бағыты ширек ғасыр бойы егіншілік өнеркәсіп жүйесін жетілдірді. М.К. Сүлейменовтың Қазақстан агроөнеркәсібінде құрған жаңа мектебі - ресурстарды үнемдейтін егіншіліктің заманауи бағыты бойынша көшбасшы болып табылады. Бүгінде оның ізбасарлары мен шәкірттері отандық және әлемдік агроөнеркәсіптің беделді ғалымдары ұлағатты ұстазының еңбегі мен ғылыми мұрасын мәңгі жадында сақтайды.

Ғұлама ғалым, академик, ауыл шаруашылық ғылымының жарық жұлдызы М.Қ. Сүлейменовтың қазасы отандық ғылым үшін орны толмас қайғы. Марқұмның жаны жанатта, иманы саламат болсын.

*ҚР Ұлттық ғылым академиясы Президентінің м.а., академик, Философия, саясаттану және дінтану институтының Бас директоры С.Т. Сейдуманов*