Қазақстан Республикасының
Ұлттық ғылым академиясы

Жаңалықтар

Құрметті ҚР Ұлттық ғылым академиясының академиктері, корреспондент-мүшелері, шетелдік және құрметті мүшелері, ҰОС ардагерлері, отандастар!

29

Сәуір
2021

     Сіздерді мамырдағы көктемгі мерекелеріңізбен шын жүректен құттықтаймын!

     1 мамыр – тұрақтылық пен этносаралық келісімнің символы болып саналатын Қазақстан халықтарының бірлігі күні, өйткені Қазақстан – көпұлтты мемлекет. Онда жүз елуден астам ұлттар мен ұлыстар өмір сүреді.

     7 мамыр – біздің Отанымыздың шептерін қорғаған барлық ер азаматтардың мерекесі – Отан қорғаушылар күні, қазіргі уақытта олар Қазақстан әскері қатарында қиындығы мол қызметті атқарып жатыр.

     9 мамырда – біздің бостандығымыз бен тәуелсіздігімізді қорғағандар үшін мақтаныш символы. Сол қорқынышты соғыста қаза тапқандар мен аман қалғандарға мәңгілік мадақ болсын! Майдан даласында қаза тапқан жауынгерлерді өшпес ерліктері үшін біз терең ризашылықпен еске аламыз, олардың арасында біздің бабаларымыз, аталарымыз, әкелеріміз бен аналарымыз болды!

    Жылдар өте бермек, алайда халқымыздың даңқты ерліктерін  ұрпақтар ешқашан жадынан өшірмейді! Ұлы Жеңістің арқасында біз болашаққа сеніммен қарап, өзіміздің жас мемлекетімізді – Қазақстан Республикасын құрып жатырмыз.

    Барлықтарыңызға денсаулық, отбасыларыңызға амандық, ғылыми, шығармашылық жетістіктер, бейбітшілік пен гүлдену жолын тілеймін!

 

ҚР ҰҒА президенті,

академик М.Жұрынов