Қазақстан Республикасының
Ұлттық ғылым академиясы

Жаңалықтар

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ҰЛТТЫҚ ҒЫЛЫМ АКАДЕМИЯСЫНЫҢ ЖАЛПЫ ЖИНАЛЫС СЕССИЯСЫ

27

Қазан
2023

2023 жылғы 20 қазанда Алматы қаласында Қазақстан Республикасы Ұлттық Ғылым академиясының Жалпы жиналысының жоспарланған сессиясы өтті. Отырыс гибридті офлайн және онлайн форматтарда өтіп, сондай-ақ академиктер мен корреспондент – мүшелердің сенімді тұлға ретінде ҚР ҰҒА академигі немесе корреспондент-мүшесіне берілген ресми сенімхат бойынша қатысулары көзделген. Жалпы жиналыста Төралқа бекіткен күн тәртібіне сәйкес келесі мәселелер қаралды: 1. 2022 жылдың 1 шілдесінен бастап Қазақстан Республикасы Ұлттық Ғылым академиясы Төралқасының жұмысы туралы. 2. ҚР ҰҒА тұңғыш президенті, академик  Қ.И. Сәтпаевтың 125 жылдығы туралы 3. Әр түрлі (трансформация кезіндегі ҚР ҰҒА РҚБ басқару органдарын сайлау және бекіту). Бірінші мәселе бойынша ҚР ҰҒА мүшелеріне Қазақстан Республикасы Ұлттық Ғылым академиясына мемлекеттік мәртебесін беру бойынша «ҚР ҰҒА» РҚБ Төралқасы туралы ақпарат дайындалып, таратылды. Оның негізгі тезистері «ҚР ҰҒА» РҚБ президенті академик М.Ж. Жұрыновтың баяндамасында баяндалған. Одан кейін жарыссөз өтіп, ҚР ҰҒА академиктері Алияров Б.К., Блиев Н.К., Дүйсенбеков З.Д., Локшин В.Н., Мамбетқазиев Е.А., Молдабеков М.М., Сәбикенов С.Н., Оразалиев Р.А. сөз сөйледі.  Күн тәртібінің үшінші мәселесін қарастыру кезінде ҚР ҰҒА Жалпы жиналысы өзінің Жарғысына сәйкес трансформация барысындағы «ҚР ҰҒА» РҚБ басқару органдарын бекітті. ҚР ҰҒА президенті Жалпы жиналыс қолдаған ҚР ҰҒА-ның 25 мүшесінен тұратын Төралқа құрамын жариялады. «ҚР ҰҒА» РҚБ Жарғысының 31-бабының 11-тармағына сәйкес Төралқа мүшелерінен: бірінші Вице-президент ретінде С.Т. Сейдуманов; вице-президент - бас ғалым хатшы А.А. Жарменов; Вице-президенттер Ә.Ә. Сатыбалдин, М.З. Молдахметов, ал  Қазақстан Республикасы Ұлттық Ғылым академиясының бөлімшелерінің төрағалары ретінде: Геология және техникалық ғылымдар бөлімшесі –М.К. Әбсәметов; биологиялық және медициналық ғылымдар бөлімшесі - М.К. Алшынбаев; аграрлық ғылымдар бөлімшесі - Т.И. Есполов; химия және технологиялар бөлімшесі - К.Д. Рахимов; физика, математика және информатика бөлімшесі - М.М. Молдабеков; қоғамдық және гуманитарлық ғылымдар – З.Е. Қабулдинов тағайындалды.

ҚР ҰҒА бұрынғы бірінші вице-президенті Ж.К. Түймебаев пен ҚР ҰҒА вице-президенті З.К. Шаукенова, сондай-ақ бөлімшелердің бұрынғы төрағалары Ғ.М. Мұтанов пен Т.С. Нұрғожинге алғыс жарияланды. Сондай-ақ, өткен кезеңдегі белсенді жұмыс атқарғандары үшін Қазақстан Республикасы Ұлттық Ғылым академиясы Төралқасының құрамына кірмеген бұрынғы мүшелеріне де Жалпы жиналыс өз алғысын білдірді.

М.Ж. Жұрынов Жалпы жиналысқа ҚР ҰҒА Төралқасының 2023 жылғы 18 қазандағы шешімімен Ұлттық Ғылым Академиясының Президенті жанындағы консультативтік-кеңесші орган – Ақсақалдар кеңесінің құрамы құрылғанын хабарлады. Оның құрамына 2003 жылға дейін ҚР ҰҒА сайлаған 14 академик бекітілді. Бұл Ақсақалдар кеңесі Ғылым Академиясының трансформация процесіне жәрдемдесу және оны одан әрі дамыту мақсатында құрылған болатын. Сондай-ақ, Төралқа Бюросының құрамы жедел басқару органы ретінде бекітілді.

«ҚР ҰҒА» РҚБ Президенті ретінде М.Ж. Жұрыновтың өкілеттік мерзімінің аяқталуына байланысты Қазақстан Республикасы Ұлттық Ғылым Академиясы Президентінің міндетін атқарушыны сайлау қажеттілігі туындады. Жарғының 29-бабына сәйкес «ҚР ҰҒА жоғарғы органы ҚР ҰҒА Жалпы жиналысы болып табылады. Жалпы жиналыстың айрықша құзыретіне: - ҚР ҰҒА Президентін сайлау, оның өкілеттік мерзімдерін айқындау және оны ұзарту жатады». Жарғының 31-бабында «ҚР ҰҒА Президентін ҚР ҰҒА-ның Жалпы жиналысы ҚР ҰҒА-ның нақты мүшелері (академиктері) арасынан жасырын дауыс беру арқылы 5 жыл мерзімге сайлайды және сол қызметке қайта сайлайды» делінген. ҚР ҰҒА қазіргі уақытта Қазақстан Республикасының Президенті Қ.Қ. Тоқаев 2023 жылғы сәуірде жариялаған трансформацияның өтпелі кезеңінде тұр, ол кезде Мемлекет басшысы өз өкіміммен Президент жанындағы ҚР ҰҒА КЕАҚ Жарғысының 211-тармағына сәйкес 2023 жылдың 12 сәуірінде ҚР Ұлттық Ғылым академиясы Президентін  тағайындаған болатын (өтпелі кезең). Кейіннен ҚР ҰҒА президенттері ҚР Президенті жанындағы ҰҒА КЕАҚ Жарғысына сәйкес Жалпы жиналыста сайлануы және кейін Мемлекет басшысымен тағайындалуы тиіс. Яғни, болашақта ҚР ҰҒА Президентінің келесі сайлауы, сондай-ақ Төралқа мүшелерінің сайлауы міндетті түрде өтеді. Қазіргі уақытта  «екі» ҚР ҰҒА-ның  болуында  құқықтық қайшылықтар бар, бұл Мемлекет Басшысының Ғылым Академиясының рөлін оның құқықтық мәртебесін қоғамдық бірлестіктің мемлекеттік емес нысанынан мемлекеттік формаға өзгерту жолы арқылы көтеру туралы тапсырмасына мүлдем қайшы келеді. Осыған байланысты Қазақстан Республикасы Ұлттық Ғылым Академиясының ұйымдық-құқықтық трансформациясы аяқталғаннан кейін процестерге толыққанды қатысу үшін Қазақстан Республикасы Ұлттық Ғылым Академиясы президентінің міндетін атқарушыны сайлау ұсынылды. Қазақстан Республикасы Ұлттық Ғылым Академиясы президентінің міндетін атқарушы лауазымына «ҚР ҰҒА» РҚБ Төралқаның қолдауымен бірауыздан ҚР ҰҒА бірінші вице-президенті, академик С.Т. Сейдумановтың кандидатурасы ұсынылды.

ҚР ҰҒА президентінің міндетін атқарушы С.Т. Сейдуманов ҚР ҰҒА мүшелеріне жоғары сенім білдіргені үшін алғысын білдіріп, Жалпы жиналысқа жүгінді. 2023 жылдың басында Қазақстан Республикасы Үкіметі, Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Орынбасары, ҚР ҰҒА трансформациялау жөніндегі мемлекеттік комиссияның төрағасы атынан М.Ж. Жұрыновқа Қазақстан Республикасы Ұлттық Ғылым Академиясының Құрметті Президенті атағын беру жөнінде ұсыныс келіп түскен болатын. Осы ұсынысты іске асырудың барлық нұсқалары қарастырылды. Мемлекеттік органдардың мұндай құқықтары жоқ екені анықталды, бұдан басқа олар республикалық қоғамдық бірлестіктің ішкі істеріне араласуға құқылы емес. Осыған байланысты аталмыш мәселені Қазақстан Республикасы Ұлттық Ғылым Академиясы Төралқасының отырысында қарау туралы ұсыныс айтылды. ҚР ҰҒА Төралқасының шешімімен М.Ж. Жұрыновқа «Қазақстан Республикасы Ұлттық Ғылым Академиясының Құрметті Президенті» атағы берілді. ҚР ҰҒА Төралқасының шешімімен М.Ж. Жұрыновқа Қазақстан Республикасы Ұлттық Ғылым Академиясының Президенті лауазымында көп жылдар бойы үлгілі басшылық қызметі үшін «Қазақстан Республикасы Ұлттық Ғылым Академиясының Құрметті Президенті» атағы берілді. Осылайша, Ғылым академиясы академик Мұрат Жұрынұлы Жұрыновқа президент ретінде 20 жыл атқарған  еңбегіне алғысын білдіріп, оның ерекше қасиеттерін, ұйымдастырушылық қабылетін және ҚР ҰҒА-ны нығайту мен табысты қызметіне  қосқан зор үлесін атап өтті. Осы жылдар ішінде Ғылым Академиясын  беделді ғалым, мемлекет және қоғам қайраткері, жарқын тұлға басқарып келді. Ол көптеген жылдар бойы Ғылым Академиясының мемлекеттік мәртебесін қайтаруға ұмтылып, үлкен шыдамдылық пен табандылық танытқаны үшін ерекше құрметке ие.

Бұдан әрі Жоғары өкілді орган - Ғылым Академиясының Жалпы жиналысының құрамы туралы мәселе қарастырылды. Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы ҚР ҰҒА КЕАҚ Жарғысының 49-тармағы, 4 тармақшасына сәйкес Жоғары өкілді орган-академиктердің Жалпы жиналысын құру көзделеді. КЕАҚ Жарғысының 199-тармағы оның құрамы  ҚР ҰҒА қазіргі академиктерінен тұруы тиіс екенін көздейді. Қазіргі уақытта ҚР ҰҒА құрамында 151 академик бар. ҚР ҰҒА Төралқасы бұл мәселені қарастырып, 151 адамнан тұратын барлық академиктерді Жоғары өкілді орган – академиктердің Жалпы жиналысына қосу туралы ұсыныс енгізді. Жалпы жиналыстың шешімімен ҚР ҰҒА 151 академигінің Жоғары өкілді органның (ЖӨО) - академиктердің Жалпы жиналысының мүшелері ретіндегі өкілеттіктері бекітілді. Сондай–ақ Жоғары өкілді орган төралқасының құрамы-лауазымдық қағидат бойынша академиктердің Жалпы жиналысы бекітілді (бұл лауазымдық қағидат ҚР ҰҒА КЕАҚ бекітілген Жарғысында бар). Төралқа құрамына ҚР ҰҒА президенті м.а., ҚР ҰҒА құрметті президенті, Басқарма Төрағасы-Президент жанындағы ҚР ҰҒА КЕАҚ президенті, «ҚР ҰҒА» РБҚ вице-президенттері, «ҚР ҰҒА» РБҚ бөлімшелерінің төрағалары, барлығы 12 адам кірді.

ҚР Ұлттық ғылым академиясының мүшелері Қазақстан Республикасының «Ғылым туралы» Заңына енгізілген өзгерістерде академик деген анықтама ғана енгізілгеніне, ал корреспондент-мүшенің жоқтығына ерекше назар аударады, ал Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы ҚР ҰҒА Жарғысының мәтінінде корреспондент-мүшелері бар. Болашақта орын алған қайшылықтарды жою қажет және РҚБ трансформациялау кезінде «ҚР ҰҒА» РБҚ  корреспондент-мүшелері ескерілуі керек. Жалпы жиналыс Қазақстан Республикасының Президенті Қ.К. Тоқаевтың Ғылым Академиясына мемлекеттік мәртебе беру жөніндегі барлық тапсырмаларының бұлжытпай орындалуы бойынша ҚР ҰҒА Төралқасы мен басшылығына үміт артады. Қазақстан Республикасының Ұлттық Ғылым академиясы ҚР Президенті Қ.К. Тоқаевтың тапсырмасына сәйкес ҚР Ұлттық Ғылым Академиясына мемлекеттік мәртебе беру бойынша мемлекеттік органдармен ынтымақтастыққа және бірлескен жұмысты жалғастыруға дайын.

Ұлттық Ғылым академиясының мүшелерінің сенімдері зор. Біздің ұстанымымыз шындық пен әділдікке негізделген. Біз 2022 жылғы 1 маусымда Мемлекет басшысының Қазақстан Республикасының Ұлттық Ғылым Академиясының 75 жылдығына арналған ҚР ҰҒА Жалпы жиналысының мерейтойлық сессиясында берген тапсырмасы сөзсіз орындалатындығына сенім білдіреміз. ҚР ҰҒА Президенті міндетін атқарушы Сейдуманов Серік Тұрарұлы жөнінде ақпарат, 1957 жылы туған, әлеуметтану ғылымдарының докторы (1995ж.), профессор, ҚР ҰҒА корреспондент-мүшесі (2013ж.), ҚР ҰҒА академигі (2020ж.). 1979 жылы Мәскеу Химиялық инженерия институтын аяқтаған, автоматтандыру инженері. Еңбек жолын Жаңа Жамбыл фосфор зауытында БӨАжА шебері болып бастаған. 1991 жылы КОКП ОК Қоғамдық ғылымдар Академиясының аспирантурасын бітіріп, кандидаттық диссертациясын қорғап шықты, Қазақстандағы әлеуметтану ғылымдарының алғашқы кандидаты. Мемлекеттік органдардағы жұмыстары білім және ғылым саласымен, ақпараттық-талдау жұмысымен байланысты болды - Президент Әкімшілігіндегі Бөлім меңгерушісінің орынбасары, Бөлім меңгерушісі, Министрліктің Аппарат басшысы, Министрдің орынбасары, Алматы қаласы Әкімінің әлеуметтік сала бойынша орынбасары ретінде білім және ғылым саласына жетекшілік етті, Парламент Мәжілісінің депутаты болды.  10 жылдай еліміздің мемлекеттік ақпараттық-талдау орталықтарында, оның ішінде ҚР Парламентінің АТО-да басшылық қызметтер атқарды. Әл- Фараби атындағы ҚазҰУ, Л.Н Гумилев атындағы ЕҰУ, Абай атындағы ҚазҰПУ, ҚР Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару Академиясында қосымша жүктемедегі профессор, диссертациялық кеңестердің, Тұран және АlmaU университеттерінің Қамқоршылық кеңесінің  мүшесі, МАК төрағасы болды. Ғылыми-оқытушылық қызметін әлі күнге дейін жалғастыруда. 13 шәкірті бар, олардың ішінде әлеуметтану және саяси ғылымдарының докторлары (5 адам), саяси және әлеуметтану ғылымдарының кандидаттары (7 адам), 1 PhD докторы, қазіргі уақытта 6 PhD докторанттың жетекшісі болып табылады. 2002 жылдан бастап Қазақстан әлеуметтанушылары қауымдастығының вице-президенті, 2015 жылдан бастап түркітілдес елдердің әлеуметтанушылар Одағының вице-президенті. 2021 жылдың қаңтар айынан бастап ҒЖБМ ҒК Философия, саясаттану және дінтану институтының Бас директоры болып табылады.