Қазақстан Республикасының
Ұлттық ғылым академиясы

Жаңалықтар

АСА КӨРНЕКТІ МЕМЛЕКЕТ ЖӘНЕ ҚОҒАМ ҚАЙРАТКЕРІ ТӨРЕГЕЛДІ ШАРМАНҰЛЫ ШАРМАНОВТЫҢ ОТБАСЫНА

26

Мамыр
2024

     Қазақстан Республикасының Ұлттық ғылым академиясының мүшелері ҚР Ұлттық ғылым академиясының академигі, ҚР Мемлекеттік сыйлық иегері, Қазақ тағамтану академиясының Президенті, аса көрнекті ғалым, медицина саласының орны толмас озаты, елінің ұлтжанды адал ұлы, ұлағатты ұстаз Төрегелді Шарманұлы Шармановтың өмірден озуына байланысты отбасы және жақындарына көңіл айтамыз.
 
     Қайғыларыңызға ортақтаса отырып, Т.Ш. Шармановтың отандық медицина ғылымы мен саласын дамытуға қосқан жоғары кәсіби және ауқымды үлесі - Қазақстанның денсаулық сақтау жүйесін нығайту мен ғылыми игілігі үшін дамуына үлкен себеп болды.
Академик Т.Ш. Шармановтың бірегей академиялық медицина мектебінің тарихи табыстары - медицинаның теңдесі жоқ данышпаны Т.Ш. Шарманов пен оның талантты ізбасарларының еңбегіне негізделгені сөзсіз. 
 
     Ғұлама ғалым, академик, Қазақстанның Еңбек Ері және Елінің елеулісі Т.Ш. Шармановтың асыл есімі, ғылыми жетістіктері, жасампаз еңбегі мен асыл қызметі оның артында қалған шәкірттерінің, әріптестерінің, көптеген жолдастарының,  барша зиялы қауымның жүрегінде мәңгі қалады.
 
_*ҚР Ұлттық ғылым академиясы Президентінің м.а., академик, Философия, саясаттану және дінтану институтының Бас директоры С.Т. Сейдуманов_*