Қазақстан Республикасының
Ұлттық ғылым академиясы

Жаңалықтар

ҚР ҰҒА-ның Қ.К. Тоқаевтың Қазақстан Республикасының Президенті болып сайлануына байланысты құттықтауы

23

Қараша
2022

Қазақстан Республикасының

Президенті Қ.К. ТОҚАЕВҚА

 

Құрметті Қасым-Жомарт Кемелұлы!

     Қазақстан Республикасы Ұлттық Ғылым академиясының атынан және өз атымнан Сізді кезектен тыс президенттік сайлаудағы сенімді жеңісіңізбен шын жүректен құттықтаймын!

     6 қазанда Астанада өткен форумда ұлттық Коалиция бірауыздан Сіздің кандидатураңызды ұсынды. Ғылым академиясы Сіздің кандидатураңызды толық қолдап, ғалымдар «Тоқаев-президент болуға лайықты тұлға!» деп өз ойын жеткізді. Форумға Сіздің барлық сайлау науқаныңыздағыдай, штабтарға ҚР Ұлттық Ғылым академиясының мүшелері – академиктер, корреспондент-мүшелер, Қазақстанның барлық өңірлерінен, Алматы, Шымкент қалаларынан және Астанадан келген құрметті академиктер белсенді қатысты.

     Форумда сөз сөйлегендер арасында Халық Қаһарманы, ҚР ҰҒА академигі Тоқтар Әубәкіров Ұлттық ғылым академиясының атынан Сізге академияны қолдағаныңыз үшін біздің зор алғысымызды жеткізді!  Алғашқы ғарышкеріміз және академигіміз сайлаудың алдын-ала нәтижелері жарияланған кезде Сіздің қасыңызда болғаны біздер үшін қуаныш.

     Сізге зор денсаулық, мол бақыт, ойлаған барлық жоспарларыңыз бен реформаларды жүзеге асыруда табыс, сүйікті Отанымыз – Қазақстан Республикасын ел игілігі үшін әділетті, жаңа мемлекет етіп, қайта құруға бағытталған барлық істеріңізге сәттілік тілейміз! Сізге Алла жар болсын!!!

 

                     ҚР ҰҒА президент,

                     академик                                                                                                              М. Жұрынов