Қазақстан Республикасының
Ұлттық ғылым академиясы

Жаңалықтар

КӨҢІЛ АЙТУ ХАТЫ

26

Қазан
2021

 

Қирабаев Серік Смайылұлы

(23.03.1927-25.10.2021 жж.)

     Қазақстан Республикасы Ұлттық ғылым академиясының Төралқасы ҚР Ұлттық ғылым академиясының академигі, ҚР Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, Қазақстанның еңбек сіңірген ғылым қайраткері, көрнекті әдебиет сыншысы, жоғары мектептің танымал ұстазы, филология ғылымының докторы, профессор Қирабаев Серік Смайылұлының қайтыс болуына байланысты марқұмның отбасына, туған-туыстары мен жақындарының қайғысына ортақтасып, көңіл айтады. Бұл қаза – бүкіл қазақ руханияты мен ғылымына ортақ ауыр қайғы.

     Серік Смайылұлының еңбегі мен жарқын бейнесі халық жадында мәңгі сақталары сөзсіз.

 

ҚР ҰҒА Төралқасы

 

ӨМІРБАЯНЫ