Жаңалықтар
Құрметті ҚР ҰҒА академиктері, корреспондент-мүшелері, шетелдік және құрметті мүшелері, ғалымдар!06
Сәуір
2022
Сіздерді кәсіби мерекеміз – Ғылым күнімен құттықтаймыз! Ғылым – жасампаздық пен дамудың негізі. Барлық уақытта ғылыми жетістіктер халықтың жоғары зияткерлік әлеуетінің көрсеткіші болды. Қазақстан ғылымы әрдайым қоғам мүддесіне және гуманизм идеалдарына қызмет етіп, ал ғалымдары өз елі үшін ерекше еңбек етіп, дүниежүзілік деңгейде үлкен абыройға ие болуда.
Біздің Отанымыз үшін және бүкіл әлем үшін барлық кезеңдерде біздің ғалымдар өз халқымен тығыз байланыста. Олар өз зерттеулерін, ғылыми жаңалықтарын ел игілігі үшін, жаңа Қазақстан құру жолында аянбай еңбек етеді.
Сіздерге жаңа шығармашылық жетістіктер, мол бақыт, зор денсаулық тілейміз!
ҚР ҰҒА Төралқасы