Қазақстан Республикасының
Ұлттық ғылым академиясы

Жаңалықтар

Құрметті авторлар!

31

Қаңтар
2022

2022 жылы ҚР ҰҒА редакциялары 6 журнал шығарады:

  1. «ҚР ҰҒА Хабаршысы» ғылыми журналы. Жылына 4 рет.

Тақырыптық бағыты: әлеуметтік ғылымдар: экономика, құқықтану,  саясаттану, тарих, филология, педагогика.

Қазіргі уақытта: экономика және педагогика бағыттары ҚР БҒМ БҒСБК ұсынған журналдар тізіміне кірді. Қалған бағыттар қаралуда.

  1. «ҚР ҰҒА Баяндамалары» ғылыми журналы. Жылына 4 рет.

Тақырыптық бағыты: биотехнология, физика, химия.

Қазіргі уақытта биотехнология бағыты бойынша Web of Science базасында индекстеледі. Физика және химия бағыты бойынша ҚР БҒМ БҒСБК ұсынған журналдар тізіміне кірді. Биотехнология бағыты қарастырылуда.

  1. «ҚР ҰҒА Хабарлары. Геология және техникалық ғылымдар сериясы» ғылыми журналы. Жылына 6 рет.

Тақырыптық бағыты: геология, гидрогеология, география, тау-кен ісі, мұнай, газ және металдардың химиялық технологиялары

Журнал Scopus базасында индекстеледі. ҚР БҒМ БҒСБК ұсынған журналдар тізіміне кіреді.

  1. «ҚР ҰҒА Хабарлары. Физика-математикалық сериясы». Жылына 2 рет.

Тақырыптық бағыты: математика, физика және ақпараттық технологиялар саласындағы зерттеулерге арналған.

Қазіргі уақытта: ақпараттық технологиялар бағыты бойынша ҚР БҒМ БҒСБК ұсынған журналдар тізіміне кірді. Физика және математика бағыттары қарастырылуда.

  1. «ҚР ҰҒА Хабарлары. Химиялық ғылымдар сериясы» ғылыми журналы. Жылына 2 рет.

Тақырыптық бағыты: теориялық және қолданбалы химия саласындағы зерттеулерге арналған.

Қазіргі уақытта ҚР БҒМ БҒСБК ұсынған журналдар тізіміне кірді.

  1. «ҚР ҰҒА Хабарлары. Биологиялық және медициналық сериясы» ғылыми журналы. Жылына 2 рет.

Тақырыптық бағыты: биология және эксперименталды медицинадағы зерттеулерге арналған.

Журнал Web of Science базасында индекстеледі.

АВТОРЛАРДЫҢ НАЗАРЫНА!

     Құрметті авторлар! «ҚР ҰҒА Хабарлары. Геология және техникалық ғылымдар сериясы» ғылыми журналы мақалаларды бұрынғыша Akadem.nauk@mail.ru почтасы арқылы қабылдайды. Журнал Scopus базасында индекстелетіндіктен журналға қатысты барлық жұмыстар негізгі сайт арқылы жүзеге асуы тиіс. Сол себепті, мақалаларыңызды ағылшын тілінде, екі рецензиясымен (ішкі және сыртқы), авторлардың қолымен, іліспе хатпен қосып бір папкаға сақтап, редакцияның электронды почтасына жіберулеріңізді сұраймыз. Журналдың мақала жариялауға қатысты талаптарымен Академияның негізгі сайтынан таныса аласыздар!