Ұлттық ғылым академиясы
Қазақстан Республикасы

Президенттер

Қонаев

25

Наурыз
2020

     Қонаев Дінмұхамед Ахметұлы (1912–1993), ғалым-кенші, мемлекеттік және қоғам қайраткері, техникалық ғылымдар докторы (1963), ҚР ҰҒА академигі (1952). Мәскеулік түсті металдар мен алтын институтын бітірген (1936). Балқаштағы мыс қорытатын комбинатының Қонрадтық кеннің  бұрғылау білдегінің машинисі, шебері, ауысымды басқаратын инженері, бөлімше бастығы, бас инженері, директоры, «Алтайполиметалл» комбинатының бас инженер орынбасары және техникалық бөлім бастығы, Лениногор кен басқармасындағы Риддер кенінің директоры (1936–1942), ҚазКСР Халық Комиссарлар Одағының төраға орынбасары (1942–1946), ҚазКСР Министрлер кеңесінің төраға орынбасары (1946–1952), ҚазКСР ҒА президенті (1952–1955), ҚазКСР Министрлер кеңесінің төрағасы (1955–1960, 1962–1964), Қазақстан Коммунистік партиясының ОК алғашқы хатшысы (1960–1962, 1964–1986). Оның басшылығымен Ғылым академиясында ғылыми-ұйымдастыру жұмыстарын жақсарту, ғылымның өнеркәсіппен байланысының күшейтілуі, мамандарды нығайту, маңызды ғылыми зерттеулердің дамытылуы, Қазақстанның өндіргіш күштері дамуының кешенді мәселелерін жасауда ғылыми күштер мен материалдық ресурстарды шоғырландыру бойынша маңызды іс-шаралар өткізілді. Оның ғылыми еңбектері кен орындарын ашық әдіспен өндіру теориясы мен тәжірибесінің әралуан мәселелеріне арналған. Ол карьерлерде руданы уатудың тиімді тәсілдерін зерттеді және енгізді, бұл туралы кейіннен «Буровзрывные работы на Коунрадском руднике» атты монографиясында сипатталды. Ол 200 жуық ғылыми және публицистикалық еңбектер жариялаған. Үш рет Социалистік Еңбек Ері болған. Ордендер мен медальдармен марапатталған, шетел мемлекеттердің бірнеше жоғарғы марапаттарына лайық болған. Көп ұлтты Қазақстанның экономика мен әлеуметтік саласында, ғылым және ұлттық мәдениеттің кемелденуінде Д.А. Қонаевтың алар үлесі өте зор.


     Шығ.: Разработка Коунрадского месторождения медных руд. 1949; Исследования возможности перехода с подземных работ на открытые горные работы на Миргалимсайском месторождении свинцово-цинковых руд. 1950; Развитие открытых горных работ в Казахстане. 1964; Казахская ССР: Краткий историко-экономический очерк. 1958; Избр. речи и статьи. 1978; Советский Казахстан. 1980; Научно-технические основы электрификации горнодобывающих машин на рудниках. 1985.