Ұлттық ғылым академиясы
Қазақстан Республикасы

Президенттер

Қонаев

25

Наурыз
2020

     Қонаев Асқар Меңдіахметұлы (1929–1999), металлург, техникалық ғылымдар докторы (1970), профессор (1970), РҒА академигі (1981), ҚР ҰҒА академигі (1972), ҚазКСР ғылымына еңбегі сіңген қайраткері (1977). Болат және қорытпалар Мәскеу институтын бітірген (1951). Теміртау металлургия зауытының болат қорытушысы, шебері, ауысым бастығы (1951–1953), аға лаборант, кіші, аға ғылыми қызметкер, зертхана меңгерушісі (1953–1970), ҚазКСР ҒА Металлургия және байыту институт директоры (1970–1988), ҚазКСР ҒА вице-президенті (1972–1974), президенті (1974–1986), 1996 жылдан Металлургия және байыту институтының құрметті директоры. Ғылым академия президенті ретінде ол ғылымды дамыту, ғылыми зерттеулер құрылымын жетілдіру, патент және лицензиялық жұмысын белсендіру жаңа жолдарын іздеген. Академияның ғылыми мекемелерінің желісі дамыды, алғашқы өңірлік ғылыми орталық – Орталық-Қазақстандық бөлімше (Қарағанды) ашылды. Ғылыми зерттеулер металлургиялық процесстердің іргелі физикалық-химиялық негіздерін жасауға, жаңа технологиялық схемалар мен металлургиялық шикізатты өңдеу үшін аппараттарды жасақтауға арналған. Күрделі қиын байытылатын минералды шикізатты кешенді қолдануды жасаумен, қоспа металлдарды өндірумен, жоғарғы кремнийлік теңгерімнен тысқары сирек металлдық және фосфорлы рудаларды өңдеумен айналысты. КСРО (1978, 1984) мен ҚазКСР (1972, 1982) Мемлекеттік сыйлықтарының иегері. Ордендер және медальдармен марапатталған.

 

     Шығ.: Циклонная плавка. 1974; Основы комплексного использования сырья в цветной металлургии. 1983; Металлургия бериллия. 1980; Подземное выщелачивание сульфидных свинцово-цинковых руд. 1986; Ионообменные процессы в гидрометаллургии цветных металлов. 1986; Пирогидрометаллургические способы переработки редкометалльного фосфорсодержащего сырья. 1986.