Ұлттық ғылым академиясы
Қазақстан Республикасы

Президенттер

Есенов

25

Наурыз
2020

     Есенов Шахмардан Есенұлы (1927–1994), геолог, геологиялық-минералогиялық ғылымдар докторы (1970), профессор (1970), ҚР ҰҒА академигі (1967). Қазақ тау-кен металлургиялық институтын бітірген (1949). Жезқазғандық кешенді геологиялық барлау экспедициясының аға геологы, бас геологы, бас инженері (1949–1960), ҚазКСР геология министр орынбасары (1960–1961), министрі (1961–1965), ҚазКСР Министрлер Кеңесінің төраға орынбасары (1965–1967), ҚазКСР Өндіріс геологиялық комитетінің төрағасы (1965–1967), ҚазКСР ҒА геологиялық ғылымдар Институтының директоры, ҚазКСР ҒА президенті (1967–1974), ҚазКСР геология министрі (1974–1978), ҚазПТИ кафедра меңгерушісі (1978–1994) болған. Ол республиканың геологиялық ғылым мен геологиялық қызмет дамуына үлкен үлес қосқан. Қазақстандағы өңірлік металлогения теориялық негіздері құрылған, металлогениялық аудандастыру орындалған, Жезқазған ауданында мыс пен родусит-асбест іздестіруі мен зерттеу тиімді әдістері құрылып еңгізілген. Оңтүстік Манғышлақта мұнай-газы бар аймақ анықталған. Успен кен аймаға бойынша зерттеулер кеңінен танымал. 11 монография мен 150 ғылыми мақалалардың авторы. Ленин сыйлығы (1966), ҚазКСР Мемлекеттік сыйлығы (1972), Ш.Ш. Уәлиханов ат. сыйлығының (1971) иегері. Ордендер мен медальдармен марапатталған.


     Шығ.: Методика поисков и разведки месторождений родусит-асбеста. 1965; Геологическая карта КазССР. 1965; Геолого-структурные особенности и методика разведки Джезказганского рудного поля. 1968; Недра Казахстана. 1968; Проблемы геологии Казахстана. 1968; Научно-технический прогресс в народном хозяйстве Казахской ССР. 1972; Наука и природные ресурсы Казахстана. 1972; Нефтяные науки. 1989.