Ұлттық ғылым академиясы
Қазақстан Республикасы

Президенттер

Дәукеев

25

Наурыз
2020

     Дәукеев Серікбек Жүсіпбекұлы (1950), тау-кен инженер-геофизик (пайдалы қазбалардың кен орнын іздеуі мен барлауының геофизикалық әдістері), геология-минералогиялық ғылымдар докторы (1997), ҚР ҰҒА академигі (2003). В.И. Ленин атындағы Қазақ политехникалық институтын бітірген (1972). 2004 жылдан – «DATA Инвест» инвестициялық-консалтингтік компаниясының басқарма төрағасы. Ғылыми зерттеулердің негізгі бағыттары: геология, пайдалы қазбалардың кен орнын іздеуі мен барлауы. Нарықтық экономика жағдайында жер қойнауын пайдалану жүйесімен басқару және реттеу тұжырымдамасы (1994). Қазақстанның терең құрылысы мен минералдық ресурстары (2002). 126 ғылыми жұмыстардың, соның ішінде 4 монографияның авторы. Ордендер мен медальдармен марапатталған. Бүкілресейлік мұнай ғылыми-зерттеу геологиялық барлау институтының (БМҒГБИ) құрметті ғылымдар докторы. (1999), құрметті кен барлаушысы (2002), Қ.И. Сәтбаев ат. сыйлық иегері (2003).

 

     Шығ.: Континентальные впадины Центральной и Восточной Азии (закономерности глубинного строения и развития). 1988; Минерально-сырьевая база Республики Казахстан на рубеже перехода к рыночной экономике. 1995; Свойства, потребление и производство основных видов минерального сырья. 1996; Глубинное строение и минеральные ресурсы Казахстана. В 3 т. 2002.