Ұлттық ғылым академиясы
Қазақстан Республикасы

Жаңалықтар

ҚР ҰҒА Жалпы жиналысы сессиясының Қаулысы

11

Наурыз
2020

«ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ҰЛТТЫҚ ҒЫЛЫМ АКАДЕМИЯСЫ» РҚБ

 

ҚР ҰҒА Жалпы жиналысы сессиясының

Қаулысы

 

04.03.2020                                                                                           Алматық.

 

Есеп кезеңіндегі ҚР ҰҒА Төралқасының қызметі туралы ақпаратты тыңдап және талқылай отырып, ҚР ҰҒА Жалпы жиналысының сессиясы

 

ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

 

     1-сұрақ бойынша

          ҚР ҰҒА Төралқасының есеп беру кезеңіндегі қызметі туралы есепті ақпараты мақұлдансын және қанағаттанарлық деп танылсын.

ҚР ҰҒА Төралқасының ағымдағы жылға арналған келесідей негізгі міндеттері анықталсын:

-       ғылым бойынша жыл сайынғы Ұлттық баяндаманы дайындау және басып

шығару (күнтізбелік жоспарға сәйкес), сондай-ақ оның мазмұны мен сапасын белгілі деңгейде жақсартуды қамтамасыз ету;

-       ҚР ҰҒА-ның 8 академиялық журналын шығару жолымен қазақстандық

ғылымның жетістіктерін таныту мақсатындағы жұмыстарды жалғастыру, сондай-ақ оларды Ѕсорuѕ, Clarivate Analytics дәйеккөздерінің халықаралық ақпараттық базасына енгізу жөніндегі жұмыстарды күшейту.

-     ҚР ҰҒА Жалпы жиналысының осы сессиясында ҚР ҰҒА Төралқасының есепті баяндамасын талқылау барысында келіп түскен ұсыныстарды және ҚР ҰҒА мүшелерінің жеке ұсыныстарын қарастыру үшін ҚР БҒМ-ге ұсыну.

-       Академия құрамын жасарту қажеттілігін ескере отырып, ҚР ҰҒА-ның

академиктері мен корреспондент-мүшелерін сайлауды уақытылы және ҚР ҰҒА Жарғысына сәйкес өткізу;

-       ҚР ҰҒА халықаралық байланыстарын нығайту жөніндегі жұмыстарды

жалғастыру, олардың республикалық ғылымды дамытудағы тәжірибелік  орындылығы мен пайдасын қамтамасыз ету.

-     ҚР ҰҒА Төралқасы мен салалық бөлімшелерінің жанынан Академияның Төралқасы мен Жалпы жиналысының құзыретіне кірмейтін, ағымдағы мәселелерді жедел түрде шешуге ғана құқылы, Төралқа мен салалық бөлімшелердің Бюросын құру.

 

     2-сұрақ бойынша

     Филология ғылымдарының докторы, профессор Қ.С. Матыжановтың «Абай шығармашылығындағы жалпыадамзаттық құндылықтар» атты баяндамасы және тарих ғылымының докторы, профессор З.Е. Қабылдиновтың «Әл-Фараби мұрасы және Ұлы дала құндылықтары» атты  ғылыми баяндамасы мақұлдансын.

 

     3-сұрақ бойынша –жалпы жиналыс сессиясында ҚР ҰҒА мүшелерінің айтқан барлық ұсыныстары мен ескертулерін жұмыс тәртібінде қабылдау және пысықтау.

     4-сұрақ бойынша

ҚР ҰҒА Төралқасының ҰҒА академиктері мен корреспондент-мүшелеріне Үндеуі толық мақұлдансын. Сондай-ақ ҚР ҰҒА Төралқасына алдағы уақытта орындалатын және басшылық ету үшін қажетті нормаларды әзірлеу мен бекіту тапсырылсын. Тиісті Үкімет органдарына жолдау үшін, тек ҚР ҰҒА толық мүшесі болып табылатын ҚР ҰҒА академиктері мен корреспондент-мүшелерінің тізімін жақын арада анықтап құру.

 

     5-сұрақ бойынша (әртүрлі)

ҚР ҰҒА Төралқасы келесі құрамда сайлансын (тізім қоса ұсынылады):

 

     Дауыс беру нәтижесі: (барлығы – «қолдады», «қарсы», «қалыс қалғандар» – жоқ).

 

ҚР ҰҒА Төралқасының 2020 ж. құрамы

 

1

Жұрынов Мұрат Жұрынұлы

ҚР ҰҒА президенті, академик,

ҚР ҰҒА химия-технологиялық ғылымдар бөлімінің төрағасы

2

Әдекенов Серғазы Мыңжасарұлы

ҚР ҰҒА академигі,

Қарағанды өңірлік бөлімінің төрағасы.

3

Алшынбаев Мырзакәрім Кәрімұлы

ҰҒА академигі

4

Арзықұлов Жеткерген Әнесұлы

ҚР ҰҒА вице-президенті, академик,

Биология және медицина бөлімінің

төрағасы

5

Дүсенбеков Зайролла Дүйсенбекұлы

Академик,

 Орталық өңірлік бөлімінің төрағасы

(Нұр-Сұлтан қ.).

6

Жамбакин Қабыл Жапарұлы

ҰҒА академигі

7

Балықпаев Тахир Оспанұлы

Қоғамдық және гуманитарлық ғылымдар бөлімінің төрағасы

8

Бейсембетов Ескендір Қалыбекұлы

ҚР ҰҒА вице-президенті, Жер туралы ғылымдар бөлімінің төрағасы

9

Елешев Рақымжан Елешұлы

ҰҒА академигі

10

Есполов Тілектес Исабайұлы

ҚР ҰҒА вице-президенті, академик,

аграрлық ғылымдар бөлімінің төрағасы

11

Қалимолдаев Мақсат Нұрәділұлы

Вице-президент – бас ғылыми хатшы,

ҚР ҰҒА академигі

12

Қожамжарова Дария Пернешқызы

ҰҒА академигі, Өңірлік бөлімінің

төрағасы (Шымкент қ.)

13

Харин Станислав Николаевич    

ҰҒА академигі

14

Молдахметов Марат Зейноллаұлы

ҚР ҰҒА вице-президенті, академик

15

Мұтанов Ғалымқайыр Мұтанұлы

ҚР ҰҒА вице-президенті, академик, физика, математика және информатика бөлімінің төрағасы 

16

Мәмбетқазиев Ережеп Әлхайырұлы

ҚР ҰҒА академигі, Өңірлік бөлімінің төрағасы (Өскемен қ.)

17

Нәрібаев Көпжасар Нәрібайұлы

ҚР ҰҒА академигі

18

Нұрғожин Талғат Сейтжанұлы,

ҚР ҰҒА Құрметті мүшесі

19

Рахимов Қайролла Дүйсенбайұлы

ҚР ҰҒА академигі

20

Сүлеев Досым Қасымұлы

Академик, Жер туралы ғылымдар

бөлімі төрағасының орынбасары

21

Сыдықов Ерлан Батташұлы

ҚР ҰҒА академигі, Өңірлік бөлімінің төрағасы (Нұр-Сұлтан қ.)

22

Рамазанов Тілекқабыл Сәбитұлы

ҚР ҰҒА академигі

23

Тәшімов Лесбек Тәшімұлы

ҚР ҰҒА академигі, Оңтүстік аймақтық бөлімінің төрағасы (Шымкент қ.)

 

Құрметті мүшелер – ҚР ҰҒА Төралқасының кеңесшілері

 

1

Байтулин Иса Омарұлы

ҚР ҰҒА академигі

2

Бейсенова Әлия Сәрсенқызы

ҚР ҰҒА академигі

3

Құлыбаев Талғат Асқарұлы

ҚР ҰҒА академигі

4

Шайхутдинов Еренғайып Мәлікұлы

ҚР ҰҒА академигі

 

ҚР ҰҒА Төралқасының бюросы

 

1

Жұрынов Мұрат Жұрынұлы

ҚР ҰҒА президенті, академик, ҚР ҰҒА химия-технологиялық ғылымдар бөлімінің төрағасы

2

Қалимолдаев Мақсат Нұрәділұлы

Вице-президент – бас ғылыми хатшы,

ҚР ҰҒА академигі

3

Арзықұлов Жеткерген Әнесұлы

ҚР ҰҒА вице-президенті, академик,

Биология және медицина бөлімінің

төрағасы

4

Балықпаев Тахир Оспанұлы

Қоғамдық және гуманитарлық ғылымдар бөлімінің төрағасы

5

Бейсембетов Ескендір Қалыбекұлы

ҚР ҰҒА вице-президенті, Жер туралы ғылымдар бөлімінің төрағасы

6

Есполов Тілектес Исабайұлы

ҚР ҰҒА вице-президенті, академик,

аграрлық ғылымдар бөлімінің төрағасы

7

Мұтанов Ғалымқайыр Мұтанұлы

ҚР ҰҒА вице-президенті, академик, физика, математика және информатика бөлімінің төрағасы 

8

Сыдықов Ерлан Батташұлы

ҚР ҰҒА академигі, Өңірлік бөлімінің төрағасы (Нұр-Сұлтан қ.)

9

Молдахметов Марат Зейноллаұлы

ҚР ҰҒА вице-президенті, академик