Рус
Каз
Eng

Құрметті Соғыс ардагерлері, Ұлттық ғылым академиясының академиктері, корреспондент-мүшелері, шетелдік және құрметті мүшелері, отандастар!
Құрметті Соғыс ардагерлері, Ұлттық ғылым академиясының академиктері, корреспондент-мүшелері, шетелдік және құрметті мүшелері, отандастар!

     Қазақстан Республикасы Ұлттық ғылым академиясы Төралқасының атынан Сіздерді қастерлі мереке – Ұлы Жеңіс күнімен шын жүректен құттықтаймыз! Бұл – Отан қорғаудағы өшпес ерлік пен өлшеусіз даңқтың, халқымыздың шексіз қаһармандығы мен мұқалмас қажыр-қайратының ең айтулы мерекесі.

     Бұл мереке – жанқияр ерліктің, еңселі елдіктің рухы өрлеп, Жеңіс жалауы желбіреген күн. Бүгінгі тәуелсіздік тұғырының берік, еңсеміздің биік болуы да, еліміздің өркендеуі мен елордамыздың гүлденуі де – осынау мерекенің жемісі. Бүгінгі ұрпақ аға буын-ардагерлер танытқан қаһармандық пен қайсарлықтан үлгі алып, бой түзейді. Осынау ерлікке толы Күн тарихымыздың мәңгілік ұмытылмас парағы болып қала бермек.

     Сіздерді Ұлы Жеңіс мерекесімен құттықтай отырып, зор денсаулық, ұзақ ғұмыр, бейбіт өмір, отбасыларыңызға бақ-береке тілейміз!

 

ҚР ҰҒА Төралқасы